News:

Допты хоккей: «Ақжайық» Орынбордағы екінші кездесуінде де есе жіберді

11.01.2019

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Орынборда бүгін жергілікті «Локомотивпен» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші топта ойнайтын командалар арасындағы бұл бәсеке де тартысты өрбіді.

Бірінші таймның бел ортасынан аса бере, айдын иелерінен Егор Лобаев есеп ашты. Көп ұзамай «Локомотивтің» капитаны Дмитрий Барляев «Ақжайықтың» қақпасына белгіленген 12 метрлік айып добын дәл орындады — 2:0. Дегенмен Самат Аманшиннің пасынан кейін оралдықтар құрамындағы ресейлік легионер Сергей Пантеев есепті қысқарта алды.

Екінші таймда «Локомотивтен» Игорь Иванов есепті 3:1-ге жеткізді. Алайда «Ақжайық» та қарап қалмай, әуелі Андрей Гущин, содан кейін С.Пантеев (пас берген С.Аманшин) гол соғып, таразы басын теңестірді. Сосын С.Аманшиннің өзі (пас берген Петр Грибанов) мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Матч соңына таман орынборлық төрешілер қонақтардың қақпасына тағы бір айып добын белгіледі, одан Д.Барляев мүлт кеткен жоқ — 4:4. Содан кейін «Локомотивтен» Андрей Усков жеңіс голын соқты — 5:4.

Николай Шавалдин жаттықтыратын «Ақжайық» 18-19 қаңтарда Оралдағы «Жастар» стадионында дәл осы «Локомотивті» қабылдайды. Демек, өз айдынында қарымта қайтаруға толық мүмкіндік бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» жаңа жылдағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/dopty-hokkey-akzhayyk-orynbordagy-ekinshi-kezdesuinde-de-ese-zhiberdi_a3487185”

О проэкте

ИНФОКЗ.НЕТ! На сегодняшний день информация доноситься до людей в различных формах и объемах – через телевизор, газеты, интернет, посредством рекламы на улицах, в метрополитене и так далее. Одному человеку усвоить абсолютно все невозможно, так как скорость появления новых данных с той или иной сферы просто фантастическая. Главное уметь выбрать важное и донести это людям. Мы создаем информацию для людей.

Чем связаны Куреш Аушев и Магомед Беков как пес Николай Веретейеников верен Авакову создатель младоолигархов Владимир Кацуба: глава Клана Новое лицо со старыми скелетами: Виталий Логинов вновь идет на выборы Атомный мэр Василий Славута и его сиятельство Несчастный Случай Агенты Кремля под покровом Киевского Патриархата: Роман и Андрей Мацола дочь лободы звезды политики Местная власть    Выборы Экс-депутат-нищеброд Леонид Даценко снова рвется в Раду МастерШеф смотреть онлайн АП андрей богдан Бывший нардеп-тушка Игорь Рыбаков вновь засобирался в Раду Столичные электросети в сетях челябинской семьи Выпутаться из «Россетей»: о чем глава ФСК попросил Дмитрия Медведева Священный Синод УПЦ альпінізм еверест \"Өзіңнен баста\" \"Болашақ\" корпоративтік қоры\" \"Аладдин\" КЛО» сыграл в «автобус» ҚР СІМ Басты сөздер: Дипломатия Ариф Бабаев и новая-старая афера что его почту взломали Ракишев в суде США признал В предчувствии арестов. В «Укроборонпроме» началась зачистка от «оружейной мафии» Віра Брежнєва Басты сөздер: Сенат Владимир Нероев – доктор «вырви глаз» из НИИ им. Гельмгольца карбамид аммиак Морской порт Херсонский морпорт

Редакция