News:

Kazakh Invest инвесторларды сүйемелдеу орталық офисі ретінде бекітілді

14.08.2019

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Kazakh Invest ұлттық компаниясы инвесторларды сүйемелдеу орталық офисі ретінде бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің жұмысын ұйымдастыру жаңа ережелерін, сондай-ақ инвестиция тарту және инвесторлармен ОМО және ЖАО тарапынан әріптестікті орынату тәртіптерін бекітті. Жаңа ережелерге сәйкес, инвесторларға қызмет көрсету үшін үш деңгейлі жүйе құрылды.

«Құжатқа сәйкес инвесторлар үшін бас операторы ретінде KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы бекітілді. Қомпанияға бұл салада бірқатар міндеттер жүктелді, оның ішінде, еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы таныстырылым жасау және консультацияларды өткізу, мемлекеттік қызметтерді және басқа мемлекеттік ұйымдармен берілетін қызмет түрлерін алу кезінде инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша әрекеттесу және т.б», делінген хабарламада.

«Кейбір мемлекеттік қызметерді алу тәртіптері өзіміздің азаматтары білмейді, инвесторлар туралы не айта аламыз? Бүгінгі таңда «бір терезе» инвестиция тарту кезекті түрі болып ғана қоймай, басқа, жаңа механизм болып қалыптасу керек. Ол мәліметке қолжетімділігін, еліміздегі рәсімдердің ашықтығын, инвестициялық жобаның іске асырудың әр кезеңінде қолдауды, туындаған сұрақтардың шешілуіне өз септігін тигізеді», — деді «KAZAKH INVEST» ҰК« АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев.

Айта кету керек, қызмет көрсету бойынша сытқы деңгей ретінде Қазақстанның шетелдегі ұйымдары және елімдің инвестициялық саясатты іске асыруға жауапты шетелдік өкілеттіктер бекітілді. Өңірлік деңгейде инвесторларға қызмет көрсету үшін арнайы мамандандырылған фрон-офистерді құру жоспарланып отыр.

Аталған мекемеде жергілікті атқарушы органдардың, ХҚКО-ның, «Атамакен» РКП-ның, «Даму» КДҚ-ның, әлеуметтік-кәсупкерлік корпорацияларының қызметкерлері және көші-қон, кедең, салық органдарының өкілдері, сондай-ақ монополисттер, нотариустар және аудармашылар жұмыс істейді.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістерді қабылдау «бір терезе» қызметің ұйымдастыруды үйлестіріп және инвесторлар үшін мемлекеттік және тағы басқа қызмет түрлерін алуды жеңілдетеді. Өз кезегінде бұл еліміздің тартымдылығын және инвестициялық әлеуетінің деңгейін аттыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, 2018 ж. – 2019 жылдың I ж.ж. ішінде инвесторлар тарапынан KAZAKH INVEST ұлттық компаниясына 3 мыңнан астам ауызша және жасбаша өтініштер түсті. Инвестициялық омбудсмен қызметі аясында 91 өтініш түсіп, оның жартысы өз шешімін тапты.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы. Компания ҚР Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kazakh-invest-investorlardy-suyemeldeu-ortalyk-ofisi-retinde-bekitildi_a3556317”

О проэкте

ИНФОКЗ.НЕТ! На сегодняшний день информация доноситься до людей в различных формах и объемах – через телевизор, газеты, интернет, посредством рекламы на улицах, в метрополитене и так далее. Одному человеку усвоить абсолютно все невозможно, так как скорость появления новых данных с той или иной сферы просто фантастическая. Главное уметь выбрать важное и донести это людям. Мы создаем информацию для людей.

ліквідація Instyle кражи в Киеве Басты сөздер: Ғарыш Шишканов Олег Люберецкая ОПГ Сергій Верланов Василь Костюк Басты сөздер: Өнеркәсіп Василий Костюк Сергей Верланов джонсон курйоз огляд блогосфери Кубок України Motorola ТЕС веб-камера lga 2066 cascade lake Дмитрий Легошин Синдика-О Павло Вовк Центр протидії корупції окружний адмінсуд «Чистенький» кошелёк президента Минниханова. Как Рустэм Магдеев вовлёк в скандал судей и РКН Парламентарий с озабоченностью Берии - Василий Яницкий Кенес Ракишев полностью на крючке у ФСБ РФ Нардеп на побегушках у банковских воротил - Александр Сугоняко Московский суд помогает татарстанскому бизнесмену в борьбе с компроматом затори Как окружение Минниханова обворовывает Татарстан «Новое лицо» Петра Васько уже примелькалось правоохранителям Тернополянин Тарас Козак и работа на ФСБ Директор КНИИСЭ Рувин – организовал контрабандный синдикат Дмитрий Добкин подсаживает на порошок коллег по Раде боротьба Іванішвілі телеканал Дмитрий Пушилин - «контрабандный король» Северо-Запада

Редакция